Семей қаласының бас экологына алаяқтық жасады деген айып тағылды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Семей қаласының бас экологына алаяқтық жасады деген айып тағылды. Бұл туралы 23 қарашада өткен Экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысына арналған  жиында белгілі болды, деп хабарлайды Qonaev.info агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, шенеунік табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғысы келмегендерденн ақша алды деп айыпталып отыр.

Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр.

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 2,4-тармақшасы (Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның не лауазымды адамның немесе егер оның қызмет бабын пайдалануға байланысты болса, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам бірнеше рет жасаған алаяқтығы) бойынша қаралып жатыр.