Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Екінші Жаңаөзен оқиғасы болуы мүмкін: журналист Маралдыдағы оқиғаны ушықтырмауға шақырды

Азамат Ахметов
Ulysmedia.kz

Шығыс Қазақстан облысы Күргім ауданына қарасты Маралды ауылында жергілікті тұрғындар мен алтын өндіретін кәсіпорын өкілдерінің арасында қақтығыс болды деп жазады Orda.kz.

Тұрғындар биыл көктемнен бері алтын қазатын кәсіпорындар салуға ашық қарсылық білдіріп келеді. Кеншілер мен ауылдықтар арасындағы соңғы кездесу төбелеспен аяқталды. 

Мәселені шешу үшін оқиға орнына аудан әкімі, ШҚО әкімінің орынбасары, облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары келген.

Оқиға орнына барған журналист Аян Өрібай болса биліктен жағдайды ушықтырмауын талап етті. Әйтпесе Жаңаөзендегі қанды оқиға қайталануы мүмкін дейді ол.

«Ұққаным, бұлай кете берсе, бүгінгі Маралды 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиғаны қайталайын деп тұр. Жергілікті, облыс, республика билігі неге Маралдыдағы мәселеге назар аудармайды? Жаңа Қазақстанның жұрнағы да көрінбейді ол жақта», – деп жазды журналист өзінің Facebook-парақшасында.

Еске салайық, биыл сәуір айында ШҚО-ның сол кездегі әкімі Даниял Ахметов проблеманы шешетінін айтып уәде берген болатын.

Сізге қызықты болады