Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың отставкасын талап еткен петицияға 57 мыңға жуық адам қол қойды

Азамат Ахметов
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы тұрғындары әкім Ерболат Досаевтың отставкасын талап етіп жатыр. Осы мақсатта жарияланған онлайн-петицияға барлығы 70 мыңнан астам қол қойған. Олардың 56.5 мыңы әкімнің кетуін қолдаса, қалған 13,5 мыңы Досаев орнында қалуы керек дейді.

Петиция авторы – Сергей Егоров есімді азамат. 

«Ерболат Досаев әкім болып тағайындалғалы бері Алматы тұрғындарының проблемасы арта түсті. Құрылыс жүргізуге тыйым салынған жерге құрылыс жүргізеді, үнемі бордюр ауыстырып, жөндеуді қажет етпейтін жолдарды жөндеп жатады. Ең бастысы, халыққа оның брифингте адамдармен сөйлескені ұнамайды», – деп жазды петиция авторы.

Айда кетейік, жуырда ғана қоғам белсендісі Санжар Боқаев та Алматыдағы табиғи тастардың қытайлық плиталарға алмастырылып жатқанын айтып, әкімді қатаң сынаған болатын.

Сізге қызықты болады