15 жастағы жасөспірімнің зорлану ісін прокурор «қылмыстық құрамы жоқ» деп жауып тастады – заңгер

Азамат Ахметов

Шымкентте зорланды деген 15 жастағы жасөспірім қыздың ісі «қылмыстық құрамы жоқ» деп жабылып қалды. Бұл туралы заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Қыздың анасының айтуынша, оқиға былтыр желтоқсан айында болған екен. Туған ағасымен ренжісіп қалған жасөспірім қыз анасына СМС-хат жазып, үйіне келмейтінін айтқан. Оның бұл әрекетіне алғашында анасы мән бермепті. Алайда, ұзақ уақыт хабар-ошар болмағаннан кейін дереу полицияға арызданған.

Заңгер Айгүл Орынбектің айтуынша, полицейлер төрт күн бойы қызды іздемеген. Тек болған жайт әлеуметтік желіге жазылғаннан кейін ғана тәртіп сақшылары әрекетке көшкен көрінеді.

«Қызды тек бесінші күні қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен бірнеше ер адаммен бірге тапқан. Анасын аудандық полиция бөлімінде күт деп алып кетіп, қызды қалалық Полиция департаментіне алып кеткен. Яғни, жасы 18-ге толмаған жеткіншекті ата-анасынсыз, психологтың қатысуынсыз полицейлер өздері тергеп-тексерген. Бұл үлкен заңсыздық», – дейді Заңгер Айгүл Орынбек.

Оқиғаның қалай болғаның төмендегі видеодан көріңіз.