Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Табысының тең жартысын тамаққа жұмсайды: Қазақстан бұл тізімде Африка елдерімен бірге тұр

Азамат Ахметов

Қазақстандықтар табысының 49,4 пайызын азық-түлікке жұмсап отыр. Дәл осындай нәтиже Өзбекстан мен Анголада көрсетілген.  

Сарапшылар 105 ел бойынша зерттеу жүргізіп, қандай елдің тұрғындары тамақтануға қанша қаржы жұмсайтынын есептеген. Жиналған деректер елге байланысты барлық тұтыну шығындарының бірнеше пайызынан жартысына дейін азық-түлікке жұмсалатынын көрсетеді.  

Мысалы, үйде тұтынылатын тамақ пен алкогольсіз сусындар барлық шығындардың орта есеппен 1/10 бөлігін құрайтын елдерге мыналар жатады:  

  • АҚШ — 6,7%,  
  • Сингапур — 8,4%,  
  • Ұлыбритания — 8,7%,  
  • Ирландия — 9,2%,  
  • Швейцария — 9,9%. 

Қазақстан бұл рейтингте 105 елдің арасында 99-шы орында тұр: азық-түлік пен алкогольсіз сусындар тұтыну тауарлары мен қызметтеріне жұмсалатын шығындардың 49,4%-ын құрайды. Оның нәтижесі Өзбекстан (46,5%) және Ангола елдеріне (49,7%)  ұқсайды.

Сізге қызықты болады