Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

ШҚО-да зейнеткер облыс әкіміне сұрақ қою үшін оны велосипедпен қуған

Азамат Ахметов

Бүгін Риддер қаласына келген ШҚО әкімі Ермек Көшербаевқа сұрақ қою үшін жергілікті тұрғындардың бірі – зейнеткер Татьяна Морозова оны велосипедпен қуған.

Риддердегі жылу желілерінің жөндеу жұмыстарын тексерген облыс әкімі автокөлігіне мініп жүріп кеткенде, зейнеткер оны алыстан байқап, кортеждің артынан велосипедімен қуыпты. Қуып жеткеннен кейін сұрағын да қойған.

«Мен сізді көріп, артыңыздан велосипедпен келдім. Біз не үшін велосипедпен жүр деп ойлайсыз, өйткені қалада автобуспен жүру мүмкін емес. Бізге жөні түзу автобустар қажет, үлкен өтінішім бар, осы мәселені шешіп беріңіз», – деді Татьяна Морозова Ермек Көшербаевқа.

Облыс әкімі болса тасымалдаушы компаниялардың әлі субсидия алмағанын, алғаннан кейін бұл мәселе шешілетінін жеткізді.

Сізге қызықты болады