Алматыда тағы да жерасты дүмпуі болды. Жер сілкінісі сағат 11:22-де тіркелді, деп хабарлайды Qonaev.info.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. MPV магнитудасы 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° С. Е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл», - делінген Алматы қалалық ТЖД таратқан хабарламада.
Жер сілкінісінен үрейленген қала тұрғындары сыртқа шықты. Қалада сирена-дыбыстық сигнал іске қосылды.
«Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін, қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде», - делінген хабарламада.