Қазақстан сейсмологтары жер сілкіністерін тіркеді

Азамат Ахметов
Фото: istockphoto.com

15 наурызда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің Ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен екі жаңа жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 01:13 және 07:47-де тіркелген. Олардың эпицентрлері тиісінше Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 және 255 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан – афтершок. Жер сілкінісінің энергетикалық кластары 10,4 және 10,7, MPV магнитудасы 4,9 және 4,7, тереңдігі 5 шақырым болды.

Жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.