Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал қырылды, деп хабарлайды Qonaev.info.
Осы түні Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенген. Өрт алаңы 220 ш.м. аумақты құрады. Өрттің салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы жанып кетті.
Алдын ала болжам бойынша - электр сымдарының қысқаша тұйықталуы. Өңірдегі ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут ішінде өртті жойды. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 бірлік техника жұмыс істеді.