Ақтөбе облысында Жем өзені тасуы мүмкін, деп хабарлайды Qonaev.info өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мұғалжар ауданындағы Жағабұлақ ауылында қардың еруі мен жауын-шашынның көп түсуіне байланысты екі аула учаскесін су басып, Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупі туындады.
74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды, медициналық көмек қажет болмады», — деп жазылған хабарламада.