Батыс Қазақстан облысы Аңқаты ауылында халықты көшіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Qonaev.info
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Аңқаты ауылында жауын-шашынның мол түсуі және дала аймағында еріген қардың суына байланысты 16 тұрғын үйге су кіріп, сондай-ақ, 8 аула аумағын су басты.
Қазіргі уақытта 27 тұрғын мектеп-интернат ғимаратына көшірілді. Үй жануарлары мен құстар қауіпсіз жерлерге шығарылды.
ҚР ТЖМ мәліметінше, су деңгейін түсіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы жабынды ашу жүргізілді.