Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бишімбаев ісі: экс-министр өзіне тағылған айыпты мойындамады

Азамат Ахметов
Фотоколлаж: Qonaev.info

Бүгін Астанада әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айып тағылған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сот отырысы өтті. Ол өзіне тағылған айыптармен келіскен жоқ, деп хабарлайды Qonaev.info.

«Кінәмді мойындамаймын. Маған өз оқиғамды айтып беруге сотқа дейінгі тергеуде де мүмкіндік берілген жоқ. Прокурордың оқып берген айыптау актісінде ешқандай дәлел де, куә де жоқ. Мен 110-бап бойынша қылмыс жасаған жоқпын. Мен айыпты мойындамаймын. ҚР ҚК 99-бабы екінші тармағы бойынша аса қатыгездікпен қасақана адам өлтірген жоқпын», - деді Бишімбаев сот залында.

Ал екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов «қылмыс жасаған, не жасамағанын білмейтінін» айтты.

Келесі сот отырысы 29 наурызда сағат 10:00-де өтеді.

Бұған дейін сот Бишімбаетың ісін қарайтын 12 алқабиді таңдады. Оның 10-ы негізгі және 2-еуі қосалқы алқаби.

Күдікті Қ.Бишімбаевқа тағылған айып:

ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің;

1) тармағы бойынша кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.

Күдікті Бақытжан Байжановқа тағылған айып:

ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.

Сізге қызықты болады