Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«150 адам тікұшақпен құтқарылды»: Қостанай облысында үйлерді су басты

Азамат Ахметов
видеодан скриншот

Қостанай облысында су басқан аймақтардан 150-ден астам тұрғын тікұшақ арқылы құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы түні ҚР ТЖМ Республикалық жедел штабының үйлестіруімен Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Іс-шара Қорғаныс министрлігінің Әуе кемелерінің көмегімен өтті.

«150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар», - делінген хабарламада.

Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.

Сізге қызықты болады