Қазақстанға тіл тигізген кез келген шетелдікке осындай шара қолданылады
Жуырда ғана әлеуметтік желіде «Қазақстанда орыс тілін ығыстырып жатыр» деп дабыл қаққан ресейлік журналист Тина Канделаки енді біздің елге кірмейді. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімеді.
Оның сөзінше, Қазақстан туралы теріс пікір айтқан шетелдіктерге шара қолданылады.
«Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол (Тина Канделаки - авт.) Қазақстанға келе қоймас, ал келсе кірмейді», - деді Айбек Смадияров.
Ол ресейлік тележүргізушінің әрекетіне қатысты СІМ ресми жауап қайтармайтынын да айтты.
«Қоғам өзі жауап берді ғой. Қызу талқы болды. Оған не қосайын? Өз есесін алды ғой. Біздің ел туралы айта берген әрбір шетел азаматына жауап бере берсек, өзімізді ұмытып қаламыз. Қаншама ішкі мәселеміз бар, соған көңіл бөлейік», - ресми өкіл.
Еске салайық, ресейлік танымал тележүргізуші Қазақстанда орыс тілінің ықпалы мен аясы таралып жатыр деп дабыл қаққан еді.