Қошанов Дайрабаевты үлгі етті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгінгі Мәжіліс отырысында Respublica фракциясының депутаты Руслан Берденовке ескерту жасады.
Белгілі болғандай, Берденов отырысқа медициналық маскасыз келген екен. Ал, Қошанов жуырда ғана коронавирус жұқтырып, емделіп келгені есте.
«Маскалық режим депутат Руслан Берденовқа да қатысы бар. Жаныңызда отырған депутат Жигули Дайрабаевтан үлгі алсаңызшы. Коронавирус жас-кәріге қарамайды», - деді Мәжіліс төрағасы.