Әлихан Смайылов 5 ақпанда отставкаға кетті
Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.