Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметін реформалау туралы жарлыққа қол қойды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойды. ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді.

«2022 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» № 893 Жарлыққа қол қойды», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осы Жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді.

«ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды», - делінген хабарламада.