26 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Борт N1 Telegram-арнасы хабарлады.
«Екі мемлекеттің басшылары Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөздер барысында саяси диалогты одан әрі күшейтуге, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға мән бере отырып, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері қарастырылмақ», - делінген хабарламада.
Келесі күні, яғни 27 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына бейнебайланыс режимінде қатысады.