Ақсай қаласында 41 жастағы ер адам өзін-өзі атып өлтірді. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ресми мәліметке қарағанда, оқиға 1 маусым күні таңғы сағат 07.30-да болды.
«1981 жылғы ер адам өз қаруымен өзін-өзі атқан. Марқұм есін жия алмастан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, оқ ер адамның жүрегіне тиген. Ол жедел жәрдем келгенге дейін мерт болды.