Назарбаев референдумға қатысты

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев референдумға қатысып, өз дауысын берді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Астан-Опера» театрының аумағындағы сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. 

Айта кетейік, бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. 

Осыдан тура бір ай бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Барлығы республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.

Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған.Барлық сайлау учаскесі таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.