Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

5 млн теңге пара алған: Нұр-Сұлтанда Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды қызметкері күдікке ілінді

Азамат Ахметов

Антикор Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды апатты жағдайда деп тану үшін 5 млн теңге пара алу фактісін тексеріп жатыр. Бұл туралы Qonaev.info ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Антикоррупциялық қызметі Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Сізге қызықты болады