ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш тергеуде жауап берді. Ол ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша сұралған.
ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, Самат Әбіш аталған іске куәгер ретінде тартылған.
«Самат Әбіш К.Мәсімов, А.Садықұлов, Д.Ерғожин және М.Осиповтің істері бойынша куәгер ретінде тергеуге шақырылып, сұрау алынды», - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбішке қаитысты қылмыстық іс қозғамағанын да қоса хабарлады.
Айта кетейік, Самат Әбіш Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі. Саматтың туған ағасы Қайрат Сатыбалды қазір қамауда отыр.