Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ауыр халде жатқан Болат Назарбаев бұрынғы әйелімен соттасып, жеңіліп қалды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Гүлнұр Назарбаева сот арықыл күйеуінің тегін сақтап қалды. Бұған дейін Болат Әбішұлы сотқа арыз түсіріп, ажырасқан әйелінен «Назарбаева» деген тегін айыруды сұраған деп жазады Orda.kz ақпарат агенттігі.

Болат Назарбаев пен Гүлнұр Дүйсебаева 2009 жылдың 25 тамызында Алматы облысының Жамбыл ауданында отау құрған. Ортақ некеден кәмелетке толмаған екі бала бар. Гүлнұр 2013 жылы жке куәлігін жаңартқан кезде күйеуінің тегіне өткен.

2021 жылдың 18 наурызында Болат пен Гүлнұр Назарбаевалар сот арқылы ажырасқан. Болат Назарбаев мұнан кейін сотқа арызданып, бұрынғы әйелін Назарбаева деген тегінен айыруды талап етті. 2021 жылдың 28 қыркүйегінде аудандық сот оның талабын орындады.

Алайда, Алматы облысы бойынша азаматтық сот алқасы аудандық сот шешімінің күшін жойып, Гүлнұр Назарбаеваны «президенттік текте» қалдырды. Болат Әбішұлы ашуланса керек, ол Жоғарғы сотқа шағым түсіріп, бәрібір жеңіліп қалды.

Еске салайық, жуырда ғана «Экспресс К» басылымының тілшісі Болат Назарбаевтың үйінде болып, оның мүшкіл халі жайында жазған еді. қызы Гүлмира Әбішеваның айтуынша, Тұңғыш президенттің інісі қатерлі ісікке шалдыққан және қазіргі жағдайы өте ауыр.

Сізге қызықты болады