Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарағанды облысының әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалды.
Қарағанды облыстық мәслихат отырысына 200 депутаттың 178-і қатысты. Халық қалаулыларының 40-ы Сержан Аймақовқа, 138-і Ермағанбет Бөлекпаевтың кандидатурасын жақтап дауыс берді.
«Ермағанбет Қабдұлұлы Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын», - делінген жарлық мәтінінде.
Ермағанбет Бөлекпаев 1975 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданы Өспен ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы «Казкоммерцбанк» ААҚ Теміртау филиалында экономист болып бастаған. 1997 жылдан 1998 жылға дейін Астанадағы «Бизнес-Информ» АКО өкілдігінің директоры қызметін атқарды. 1998 жылдың қарашасында индустрия, энергетика және сауда министрлігінде экспорттық бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы болып жұмыс істей бастады. 2002 жылы осы ведомство бастығының орынбасары болды.