Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Қазақстанда кедейлер саны артқан — Тамара Дүйсенова

Азамат Ахметов
Tengrinews.kz

Қазақстанда әлеуметтік жағдайы төмен адамдар саны артқан деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова журналистермен болған әңгіме барысында.

«Егер бұған дейін елдегі кедейлер саны халықтың 4,9 пайызын құраса, қазір бұл көрсеткіш 5,1 пайызға жетті. Инфляцияның өсуі халықты табысынан айырып отыр. Тұрғындар тапқан ақшасының көп бөлігін азық-түлік алуға жұмсайтын болған. Мәселен, егер бір айда 150 мың теңге тапса, соның 60-70% тамаққа жұмсалады. Яғни, отбасының одан әрі күн көрісі мен дамуына жұмсалуы тиіс қаражат азайған», — деді министр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасының қымбаттауын алдын алу үшін Премьер-министр Әлихан Смайыловқа тапсырма берген болатын. Алайда, үкіметтің атқарып жатқан жұмысынан әлі нәтиже шығар емес.

Сізге қызықты болады