Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алмас Ахметбекұлы: Партия бағытын өзгертіп, жаңа қадамдар жасап жатыр

Азамат Ахметов

Белгілі ақын Алмас Ахметбекұлы тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында «AMANAT» партиясының жаңа бағыттарға бетбұрғанын, қолынан іс келетін азаматқа шектеу қойылмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Qonaev.info.

Айтуынша «AMANAT» партиясының қолға алған шаруалары саяси өзгерістерге жасалған қадамдардың бірі болмақ.

«Партия бағытын өзгертіп, жаңа қадамдар жасап жатыр. Кім халыққа пайдалы сөз айта алады, соған мінбер береді. Қолыңнан не келеді, жұрт саған сенсе, істеп көр. «AMANAT» – халық арасындағы әртүрлі пікірдің өкілдері топтасқан партия болайын деп тұр. Олар қоғамға керек нәрселерді қозғаса – үлкен жетістік. Бұл «AMANAT-тың» жаңа бетбұрысы деп айтуға болады. Ол ғана емес оппозициялық көзқараста жүргендер де тіркеуден өтіп жатқанын көрдім. Бір мажоритарлық 29 орынға Алматыдағы бір ауданда 40 адам тіркеліпті. Яғни мыңдаған адам тіркеліп тұр, ертең мыңдаған белсенді қоғамға өзінің пікірін айта алады деуге болады. Бұл саяси реформаның алғашқы қадамдары деп ойлаймын», - деді Алмас Ахметбекұлы.

Әңгіме барысында елімізге саяси өзгерістер аса қажет екенін айтып өтті.

«Осындай саяси өзгеріс болмаса, мұндай партиялардың қоғамға деген көзқарасы өзгермесе мемлекетке қажетті заңдар мен мүмкіндіктерді жасауы қолынан келмей қалады», - деді ол.

Сізге қызықты болады