Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Халықаралық іздеуде жүрген: Қазақстан шекарасында қырғыз азаматы ұсталды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

«Айша бибі» өткізу пунктінде Қырғызстанның халықаралық іздеуде жүрген азаматы ұсталды, деп хабарлайды Qonaev.info.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, іздеуде жүрген ер адам 17 наурызда қолға түскен.

«Айша бибі» өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Ресей Федерациясында қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Қырғыз Республикасының азаматын ұстады», - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Сізге қызықты болады