Назарбаев «Самұрық-Қазынадағы» қызметін сақтап қалды

Азамат Ахметов

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорындағы басшылық қызметін сақтап қалды деп жазады orda.kz агенттігі.

«Қорды басқару кеңесі консультациялық-кеңесші орган болып есептеледі және оны Қазақстан Республикасының бірінші президенті басқарады», – делінген Қордың ресми сайтында жарияланған Жарғыда. Құжат биыл 19 маусым күні жаңартылған.

Акта кетейік, былтыр Қаңтар оқиғасынан бүгінгі күнге дейін Нұрсұлтан Назарбаев көптеген қызметі мен атақ-даңқынан айрылды. Тіпті «Тұңғыш Президент» туралы заң күшін жойып, Елбасы деген статус қайтарылды.