Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Аймағамбетов балалардың каникулын қалай ұрлады»: танымал заңгер министрлікті сотқа бермек

Азамат Ахметов
el.kz

Заңгер Жангелді Сүлейменов Оқу-ағарту министрлігін сотқа бергелі жатыр. Себеп: оқу жылының негізсіз ұзартылуы және мектептердің оған дайын еместігі дейді ол.

«Бұған дейін Қазақстанда оқушылар 34 апта оқып, оқу жылы ішінде 30 күн каникулға ие еді және 25 мамырда оқу жылы аяқталатын. Бірақ, 2022 жылы министр Асхат Аймағамбетов бұл жүйені бұзып, 34 аптаны 36 аптаға ұзартты, ал 30 күндік каникул 25 күнге қысқарды және оқу жылы 31 мамырда аяқталатын болды. Министр осылайша оқу жылын 2 аптаға ұзарту арқылы каникулды тиісінше екі аптаға қысқартты», – дейді заңгер өзінің Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, бұл өзгерістерге мектептер дайын болмай шыққан: сыныпта балалар толып, оларға қосымша екі аптада оқытатын бағдарлама жоқ.

«Біз қазір министрліктің үстінен сотқа бірнеше шағым дайындап жатырмыз. Мен министрліктің құжаттарымен танысып шықтым, өте сауатсыз жазылған. Жыл сайын өзгерістер енгізеді, өйткені шенеуніктер оқу процесін түсінбейді. Балаларға әліге дейін тәжірибе жасап келеміз. Осындай адамдар өкінішке қарай біздің балаларымызды оқытыпжатыр», – дейді заңгер Жангелді Сүлейменов.

Айда кетейік, биылдан бастап балалар жазғы каникулға 31 мамырдан шықты. Әлеуметтік желі қолданушылары мектептердің мұндай өзгеріске дайынсыз болғанын айтып шағымданып жатыр.

Сізге қызықты болады