Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Cемейге жол тартқан пойыздың ішін жаңбыр суы басып қалды

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

«Қазақстан темір жолының» басы тағы дауда қалды. Бұл жолы Жалаңашкөл – Семей бағытында қатынайтын пойыздың ішін жаңбыр суы басып қалды. Кеңес дәуірінен келе жатқан вагондардан әбден мезі болған жолаушылар болған жайтты камераға түсіріп, видеосын әлеуметтік желіде таратуда.

Айта кету керек, ҚТЖ әліге дейін әбден тозығы жеткен вагондарымен халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Ал, Семейдегі осынау жағдайдың видеосы Abainews Telegram-каналында жарияланды. Видео авторының айтуынша, терезедегі үңірейген тесіктерден жаңбыр суы вагон ішіне ағып, перде мен кілем және төсек-орынның бәрін су еткен.

ҚТЖ болса вагондардың расымен де КСРО заманынан қолданыста екенін мойындап отыр.

«Аталған пойыз бригадасының жұмысшылары кемшілікті жою жұмыстарымен айналысты. Аталған вагон 1984 жылы шығарылған, бірақ былтыр және биыл техникалық тексеруден сәтті өткен. Бұған дейін ол вагондардың терезесінен су аққан емес, жолаушылар тарапынан шағым түспеген», – деп жауап берді Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін блогер Тәңірберген Бердоңғар да ҚТЖ пойыздарының мүшкіл халде екенін көрсеткен болатын. Ал, әлеуметтік желі қолданушылары мұны Асқар Маминнен қалған мұра екенін жазуда.

Теги:
Сізге қызықты болады