Шымкенттік полицейлер 19 жастағы жергілікті тұрғын Аида Әбілданы іздестіріп жатыр.
Бойжеткен қыз үйінен 4 тамызда сағат 16:30 шамасында шығып, содан хабарсыз кеткен. Бұл туралы оның ағасы мәлімдеді.
Аида Шымкенттегі «Долана-Бұлақ» колледжінің бірінші курсында оқиды. Оның бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, тамағында ісігі бар (ЗОБ).
Қалалық полиция департаменті Аиданы көрген немесе оның қайда екенінен хабары бар тұрғындардан жедел хабарласуды сұрайды.