Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Самат Әбішев Түркияға көшіп кетті – БАҚ

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Ұлттық Қауіпсіздік комиеті төрағасының экс-бірінші орынбасары әрі Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Самат Әбішев Түркияда тұрып жатыр деп жазады Dala Inside. Ол Эгей теңізінің жағасында өмірден ләззат алып жатыр делінген аталған дереккөзде.

«Жалғанды жалпағынан басқан әулеттің өкілі қазір тыныш қана Түркияда тұрып жатыр. Жан-жағы таумен қоршаған Эгей теңізінің емдік суына балтырын малып, күн нұрынан нәр алуда. Осы күнге дейін барымта-сырымтамен тапқан капиталы оған уайым-қайымсыз өмір кешуге мүмкіндік береді», - делінген Dala Inside телеграм-каналында. 

Саматтың түрік жерінен тұрақ табуына президент Ердоған мен түріктің Ұлттық барлау қызметі (Milli İstihbarat Teşkilatı, MIT) рұқсат берген көрінеді.

«Саматтың Түркиядан өзге барар жер, басар тауы жоқ десек, қателескен боламыз. Назарбаевтың немере інісі Әмірліктерден, соның ішінде Дубайдан жылжымайтын мүліктің бірнешеуін алып тастаған. Тықыр таяғанын сезсе, әлгі жаққа қас пен көздің арасында тайып тұрады», - деп жазады дереккөз.

Еске салайық, Қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК төрағасы болған Кәрім Мәсімов пен оның бірнеше орынбасары «мемлекетті басып алмақ» болды деп ұсталған болатын. Олардың бәрі ұзақ жылға сотталды. Ал, Мәсімовтің бірінші орынбасары болған Самат Әбішке құқық қорғау органдары тиіскен жоқ. Дегенмен, ол қызметінен босатылды.

Сізге қызықты болады