Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Америкаға барып тұруға да болады»: Ардақ Назаров хиджаб дауына қатысты пікір білдірді

Азамат Ахметов

Ел мектептерінде діни киім киюге тыйым салынған

Мәжіліс депутаты әрі танымал спортшы Ардақ Назаров мектепте хиджаб кию мәселесіне қатысты өз пікірін  білдірді.

Айта кетейік, елімізде жаңа оқу жылы қарсаңында діндар ата-аналар қыздарын мектепке хиджабпен кіргізуін талап еткен.

«Бұл жыл сайын талқыланатын мәселе. Министрлер де бұл жайтқа қатысты пікірін атты. Зайырлы мемлекет ретінде бәріміз мемлекетке қарасуымыз керек. Өзімнің позициям – мемлекетте қандай шешім қабылданады, сол шешімге бағыну керек. Шешенстанға көшем деп жатыр деген пікірлер болса, әркімнің өз пікірі бар, өзі шешім қабылдайды. Америкаға барып тұруға да болады. Ол азаматтың өзінің пікірі», - деді Назаров.

Оқу-ағарту министрлігі бұған дейін мектептерге діни киіммен келуге болмайтынын айтып, бұл дауға нүкте қойған еді. Артынша белсенді Талғат Рысқұлбек Шешенстанға көшіп кетемін деп қорқытты.

Сізге қызықты болады