Билікте отыз жылда өтірік есеп беру деген дәстүр қалыптасты – Ринат Зайытов

Азамат Ахметов

Белгілі айтыскер-ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов билікте әліге дейін өтірік айтатын шенеуніктердің көп екенін, олардың өтірік есебінен Президенттің тапсырмалары орындалмай жатқанын айтты.

«Qasqa jol» YouTube-каналына сұхбат берген депутат өз әріптестерін әрдайым шындықты айтуға шақырып, шындықтан ешқашан жаман болмайтынын мәлімдеді.

«Осы 30 жыл ішінде өтірік есеп беру деген дәстүр кіріп алған. Шындықты айтса бірдеңе болып қалатындай қорқады. Президент тапсырма берді, оның орындалуына осындай кедергілер бар деп ашық айтуға ешкімнің дәті шыдамай отыр. Сосын өтірік айтады. Осы бір жаман үрдіс бар», - дейді Ринат Зайытов.