Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Келесі жылы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтеді

Ішкі істер министрлігінде өткен дәстүрлі баспасөз мәслихатында ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жаңабаев паспорт пен жеке куәлікті алған кезде азаматтарды міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізілетінін айтты.

«Дактилоскопиялық тіркеу - бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Оның мақсаты - адамның мүддесін қорғау, оның заңды құқықтарын, денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біріншіден, бұл іс-шаралар жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіруді жетілдіруге бағытталған, бұл өз кезегінде заңсыз құжаттандыру фактілерін болдырмауға, құжаттарды қолдан жасаудан, олардың иелерін алаяқтық және өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді аға инспектор.

Жаңабаев атағандай, 12 мен 16 жас аралығындағы балалар ерікті түрде тіркеле алады.

«12 жасқа дейінгі балалардан басқа, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары және елде тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуге жатады. 12 мен 16 жас аралығындағы балалар ерікті түрде тіркеле алады.Саусақ іздерін алу ХҚКО-ларда жеке куәліктерді, паспорттарды, шетелдіктің тұруға ықтиярхаттарын және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін ресімдеу кезінде жүргізілетін болады.Әр түрлі себептермен жеке басын куәландыратын құжаттарды алғаш рет алатын немесе ауыстыратын қазақстандықтар саусақ ізін түсіруден өтеді. Мысалы, жарамдылық мерзімі аяқталған, тегі, аты және әкесінің аты өзгерген жағдайда, құжат жоғалған немесе ұрланған жағдайда», - деді ол.

Сізге қызықты болады