"Ұстаздардың" видеолары қоғамды екіге жарды
Әнші Қанат Айтбаев өзінің Facebook-арақшасында елде кім көрінгеннің уағыз айтып, қоғамды ірітушілер көбейгенін жазды.
«Әлеуметтік желі арқылы кім көрінгеннің уағыз айтып, санаға селкеу түсіруіне тыйым салатын заң қабылдамаса болмайтындай жағдайға жеттік-ау, сірә? Ойына келгенін айтып, ұлттық болмысымызды дәстүрімізді, тілімізді, өнерімізді аяқ асты етіп, қоғамды ірітушілер көбейе бастады ғой?», - деп жазды ол.
Селі қолданушылары да өнер қайраткерінің бұл ұсынысын қолдап отыр.
«Заң керек! Шариғат бойынша пара беруге болады деп бір соқты, енді шеше деген қадірлі атқа тиісіп жатыр. Алда әлі не дейді, бұндай ауыздарға қақпақ керек! «Домбыра - харам» деп те айтты. Заң бойынша тыю керек оларды», - деп жазды олар.