Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз
Шымкентте 20 жастағы жігіт мектептегі спорт алаңындағы турникке асылып, қайтыс болды. Қайғылы оқиға 17 қазан күні сағат 2:20-да болған.
Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері Шымкенттегі Тұран аудандық полициясына хабарласқан. Олар Қ.Қазиев көшесіндегі қала мектептерінің бірінің ойын алаңынан жас жігіттің денесі табылғанын хабарлады.
Жігіт турникке бекітілген қалың арқанға асылып қалған. Ол артында ешқандай жазба қалдырмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт суицид жасаған. Одан дене жарақаттары табылмады, сондықтан әзірге мұны кісі өлтіру деп санауға негіз жоқ дейді полицейлер.