Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Павлодарда бір бөтелке шарап үшін тұрғын өз танысын өлтірген

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Сотта ол өз кінәсін мойындады

Павлодар облыстық ылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамға қатысты ҚР ҚҚ-нің 99-бабының 1-бөлігі «адамды қасақана өлтіру» бойынша қылмыстық іс қаралды. 

Биылғы жылдың сәуір айында екі таныс бір бөтелке шарап үшін сөзге келісіп, төбелесті. Төбелес кезінде ер адам танысының басынан ұрып, денесіне соққы жасаған. Жауап қайтару үшін танысы асүйден пышақ алып, ер адамның кеудесінен және мойнынан ұрған. Салдарынан ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында қайтыс болды. 

Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және сараптамалардың нәтиежелерімен дәлелденді. Сотта ол өз кінәсін мойындады.  

«Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот ер адамды тоғыз жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», – делінген үкімде.  

Сотталушы жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейтін болады. Ол жәбірленушінің пайдасына 292 мың теңге сомасында материалдық залал мен 2 миллион 200 мың теңге сомасында моральдік зиянды өтейді.   

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Теги:
Сізге қызықты болады