Ол жер учаскелерін заңсыз берді деп айыпталуда
Атырау облысының прокуратурасы алаяқтық белгілері бойынша Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
2020-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды.Тергеу жалғасуда.