Назарбаевтың інісі түрмеде отыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу аясында мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды.
Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және сыбайлас Жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Агенттік Қаржы министрлігімен және Ұлттық Банкпен бірлесіп осы құралдарды енгізуді жалғастырады.
Қазіргі уақытта «ақшаны бояуды» пилоттық енгізу үшін автожолдар салу, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу, сондай-ақ Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қаражатын пайдалану салалары айқындалған. Антикор басшысының айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес, бұл процесс нысандардың құрылыс саласына да таралатын болады.
«Бюджеттен бөлінген қаржы түпкі мақсатына жетуі керек. Біздің сүйемелдеуіміздегі құрылыстары ұзаққа созылған нысандардың уақытылы берілмей, сапасыз салынуы көбіне ақшаны жымқыру немесе шенеуніктерге одан әрі кері қайтару салдарымен байланысты екенін бәріміз білеміз.
Цифрлық теңге құрал ретінде «ақшаны бояу» институтын іске асыруға септігін тигізеді. Цифрлық теңгенің алгоритмдері болғандықтан, өзінің іздері бар. Мысалы, қаражат жалақыға бөлінсе, басқа бағытқа кетпей, еңбекақы, тауарлар мен қызметтерді сатып алу және салық төлеу бойынша игеріледі.Бөлінген қаржы қозғалысының рәсімдері ашық болып, барлық аударым өз мақсатына жетіп, әр теңге көзделген мақсатына жұмсалуы тиіс», - деді Жұмағали.