Алматы әуежайында рейстер тоқтатылды

Азамат Ахметов
Фото: Zakon.kz

Алматы халықаралық әуежайы ауа-райының қолайсыздығына байланысты көктайғаққа қарсы жұмыстарын жүргізу уақытша мүмкін емес екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды qonaev.info.

Ауа-райы жақсарғанша Алматыдан ұшатын рейстер тоқтатылды.Сондай-ақ, жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-ден бастап Алматы әуежайы рейстердің ұшып келуіне жабық. 

Алматы халықаралық әуежайы ауа-райы жақсара салысымен жұмысын жалғастыратындығын қоса мәлімдеді.