Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Тоқаев Путинді президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Азамат Ахметов
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті», - делінген хабарламада.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады.

Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.

Сізге қызықты болады