Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бектенов жинақталған қордан 200 мың тонна тұқымды мұқтаж фермерлерге несие түрінде бөлуді тапсырды

Азамат Ахметов
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов жинақталған қордан кемінде 200 мың тонна тұқымды мұқтаж фермерлерге тауарлық несие түрінде бөлуді тапсырды, деп хабарлайды Qonaev.info.

«Сондай-ақ сапалы тұқым қоры мен тұқымның импортына тәуелділік бойынша да проблемалар жеткілікті. Әсіресе, бұл ұсақ және орта шаруашылықтар үшін өзекті болып отыр. Фермерлер жақсы тұқымға қол жеткізу мүмкін еместігін айтып, шағымданады. Азық-түлік корпорациясы жинақталған қордан кемінде 200 мың тонна тұқымды мұқтаж фермерлерге тауарлық несие түрінде бөлуі керек. Біздегі климаттық жағдайларға төзімді, өзімізде шығарылатын тұқымдық қордың көлемін ұлғайту қажет», - деді Үкімет басшысы.

Сізге қызықты болады