Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Әкесі мен баласы: Құлсарыда су тасқыны кезінде жоғалған екі адам әлі табылған жоқ

Азамат Ахметов
Фото: Жылыой ауданы әкімдігінен

Атырау облысы Құлсары қаласындағы су тасқыны кезінде жоғалған әкесі мен баласы әлі табылған жоқ, деп хабарлайды Qonaev.info.

Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, олар резеңкелі қорғаныс костюмдерін киіп Жылыой ауданы Құлсары қаласы төртінші ықшам ауданында орналасқан үйін тексеруге кеткен. Содан бері 4 күн өтті, іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

«6 сәуір күні сағат 17:52-де із-түзсіз жоғалғанадар туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар аталған мекен-жайға дереу аттанған. Үйдің  есігі пенамен бекітілгені анықталды. Сол күні сағат 20:57-де құтқарушылар 5 қайық пен техниканы (трэкол) жұмылдырылып, тәулік бойы іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деп жауап берді Атарау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сізге қызықты болады