Қазақстандағы су тасқыны: 97 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Азамат Ахметов
Фото: aikyn.kz

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 97 мыңнан астам адам, оның ішінде 32 мыңнан астам бала эвакуацияланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Ерсалы Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды Qonaev.info.

«Соңғы мәлімет бойынша, азаматтық қорғау қызметтері 97 мыңнан астам адамды, оның ішінде 32 мыңнан астам баланы құтқарып, эвакуацияланды. Қазіргі таңда уақытша орналастыру бекеттерін 7173 адам, оның ішінде 3494 бала паналап жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің және жергілікті атқару органдарының күшімен 8 млн 800 мың текше метрден астам қар суы сорылды», - деді Ерсалы Сайпаш. 

Тасқынға байланысты елдің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы 29 төтенше жағдай режимі енгізілген.