Алматының Бостандық ауданында таңғы сағат сегіздер шамасында қоғамдық көлікте тағы бір жанжал орын алды, деп хабарлайды Qonaev.info.
98-бағыттағы автобуста 38 жастағы жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзып, автобус жүргізушісіне дене жарақатын келтірген.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Қаскөй өзін қорғау үшін, жұмысқа кешігіп бара жатқандықтан, жүргізушіден тезірек жүруін сұрағанын айтты. Алайда, осы себепті жанжал туындады», - дейді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Аханов.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.