ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес Қазақстан аумағына қазан айына дейін бидай импоттауға тыйым салынды, - деп хабарлайды Qonaev.info.
«Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №125 бұйрығымен бидайды Қазақстан Республикасына, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тек қана өндіріс пен тұтыну үшін құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына темір жол көлігімен жеткізуді қоспағанда, автомобиль, су және темір жол көлігімен әкелуге тыйым салу белгіленді», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Уақытша тыйым 2024 жылдың 12 сәуірінен бастап 6 ай мерзімге енгізіледі.
Тыйым Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға және ұн тарту мен құс шаруашылығы кәсіпорындарына бидайды әкелуге қолданылмайды.
Әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда сатуға жатпайды.