Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Су тасқынына байланысты 13 тас жол жабылды - ҚазАвтоЖол

Азамат Ахметов

Дәл қазіргі уақытта республикалық жолдарда 853 адам және 450 бірлік техника су тасқынының алдын алу бойынша жұмыс атқарып жатыр, деп хабарлайды Qonaev.info.

«Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде Қазақстанның басқа өңірлеріне, соның ішінде Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына қосымша көмек жіберілді. Жалпы 2106 бірлік жол-құрылыс техникасы, 24 мотопомпа мен 2826 жұмысшы жұмылдырылды», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Оның айтуынша, 12 сәуірдегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8,5 км болатын су тасқыны орын алды.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында (ұзындығы 618 км) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Сізге қызықты болады