Отандық репродуктологтар крио қоймада сақталған «ұмытылған» эмбриондардың ата-аналарын іздейді, деп хабарлайды Qonaev.info.
Мамандардың хабарлауынша, қазір қоймада 72 848 мұздатылған сәбилер сақталып тұр. Кейбірінің жасы 15-тен асқан.
Бұл эмбриондардың аналары бар - ИРМ клиникасының 14 636 емделушілері екен.
Эмбриондар қайда сақтаулы тұр?
Төле бидегі ИРМ клиникасында 46 306 эмбрион;
Қабанбай батырдағы ИРМ клиникасында 21 501 эмбрион;
ИРМ-Шымкент клиникасында 5041 эмбрион.
«Өкінішке орай, кейбір ата-аналар оларды мүлдем ұмытып кетті - ұялы телефон нөмірлері, мекен-жайлары өзгерді...
Біз, әрине, сәбилер мен олардың ата-аналарының арасында бақытты кездесу болады деп үміттеніп, оларды сақтау жағдайларын сақтап отырмыз»,- дейді дәрігерлер.
Айта кетейік, бұл эмбриондар қауіпсіз жерде. Бірақ, жойылып кетуі де мүмкін.
«Әрбір эмбрионның қауіпсіздігі мен күтімін қамтамасыз ететін эмбриологтардың арқасында эмбриондар қауіпсіз жерде. Бірақ төлемсіз біз тек 1 жыл сақтай аламыз. 10 жыл емес, тіпті 15 жыл емес»,- деп ескертіп отыр клиника.