Алматының Медеу ауданында қар көшкіні түсті, деп хабарлайды Qonaev.info.
Қалалық ТЖД 16 сәуірде сағат 10:50-де Қазселденқорғау диспетчерлері Медеу ауданында орналасқан қар жинағыштарында (Альпинисттік лагерьдің маңы) көлемі 4000 текше метр қар көшкіні түскенін мәлім етті. Зардап шеккен адамдар жоқ. .
Сонымен қатар, Қазгидромет синоптиктерінен қатты жауын-шашынның түсуіне, үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты көшкін қаупі сақталатыны туралы № 17 дауылды ескерту келіп түсті.
ТЖД өңірде көшкін қаупі сақталатынын еске салады, азаматтардан қарлы беткейлерге шықпауды, тіпті таулы жерлерге бармауды ұсынады.